Еліміздің батыс аумағына Қара теңіз ауданынан келетін циклон өз әсерін тигізеді. Соның салдарынан қар мен жаңбыр жауады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 18 м/с, түнде Мұғалжар ауданында екпіні 23 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз – көктайғақ.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді,
Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.