– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Парламент сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүргізген стратегиялық саяси бағыт сабақтастығын табады деген нақты ұстанымын айтып өтті.
Ең бастысы, еліміздің Президенті өзінің сөзінде саяси реформалардың жалғасын табатынына нақты тоқталып өтті. Оның ішінде өтпей қалған саяси партиялардың нақты бағдарламалары да бар. Сондықтан Мәжіліске өтетін партиялардың табалдырығын 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендету, оларды электронды түрде тіркеу, тағы да басқа жеңілдіктерді беру туралы өзінің нақты ұсыныстарын айтып өтті.
Бүгінгі Президенттің сөзінде адам құқығы туралы да айтылды. Адам құқығын сақтауды жетілдіру үшін біз қандай іс-шаралар қолдануымыз керек, қандай жобалар қабылдануы керек? Осы туралы Қасым-Жомарт Кемелұлы нақты айтып өтті. Ал енді осының бәрі тікелей адами капиталға барып тіреледі. Меніңше Президенттің тапсырмасы бойынша ұлттық жоба әзірленуі тиіс. Ең бастысы, біздің білім саласында сапаға көңіл бөлу керек. Әлемдік трендке сүйене отырып, өзіміздің ұлттық жүйені, ұлттық білім саласын жақсартуға, орта білім болсын, біздің колледж, университеттердің маман даярлау сапасын көтеруіміз керек. Осыған нақты көмектесуіміз керек, осындай жоба қабылданса біздің білім саласы да ары қарай дамиды деген үлкен сенімдеміз.
Осы саяси реформалар, адами капитал мен адам құқығы және тағы басқа мәселелерге орай бүгін Президент нақты тапсырма берді. Сапалы заңдарды қабылдап, осыны өмірге енгізуге, іске асыруды Парламентке тапсырып отыр. Сондықтан Мәжіліс пен Сенат алдында үлкен мақсат тұр.