Әйелдер мен жастардың үлесі 40 пайызға өсті
Әйелдер мен жастардың үлесі 40 пайызға өсті
130
оқылды

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалында жаңа шақырылған облыстық мәсли­хаттағы партия фракциясының бірінші отырысы өтті. Жиынды партияның Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жүргізіп отырды.

Бұл жолы сайланбалы орган­ның 36 депутатының 30-ы «Nur Otan» партиясынан сайланды. Партия облыстық филиалының төрағасы  облыстық мәслихаттағы депутаттардың сапалық құрамына да тоқталып өтті. Бұл шақырылымдағы «Nur Otan»  партиясы депутаттарының ішінде әйелдер мен жастардың үлесі  40 пайызға дейін өскен.  Депутаттардың 43,3 пайызы  биз­нес, өнеркәсіп және ауыл шаруа­шылығы сынды экономи­каның нақты салаларының өкілдерінен тұрады. Облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» пар­тиясынан сайлан­ған депутаттық корпус 9 ұлттың өкілінен жасақталды. Олардың қатарында  көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Мәслихаттағы депутаттардың ор­таша жасы 60-тан 48 жасқа дейін төмендеді. Фракция отырысының күн тәртібіне сай партия облыстық филиалы  Саяси кеңесі бюро­сы­ның шешімімен облыстық мәсли­хаттағы «Nur Otan» партиясының фракция жетекшісі тағайындалды. Бұл қызметті «ҚазФосфат» ЖШС директоры, Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров атқарады. Мұнан өзге Фарида Жүнісова, Гулам Умаров және Арман Еділбаев сынды депу­таттар облыстық мәсли­хаттағы тұрақты комиссияларға жетек­шілік етпек.

Абылайхан ЖҰМАШ