Президент фракция басшыларымен кездесті
Президент фракция басшыларымен кездесті
374
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пле­нарлық отырысының алдын­да фракциялардың жетекші­лерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Конс­ти­туцияда бекітілген тәртіпке сәйкес, Премьер-Министрдің лауа­­зымына ұсынылатын канди­датураны депутаттық фракция жетекшілерімен ақылдасты. Мемлекет басшысы Парла­мент Мәжілісінің отырысында еліміздің әлеуметтік-экономи­калық дамуын қорытындылап, атқарушы билік тармағының пан­демия салдарынан болған жаһан­дық дағдарыс жағдайындағы іс-әрекетіне баға берді. – Үкімет дағдарысқа қарсы жос­парды тиімді жүзеге асырды. Со­ның арқасында жұмыссыздық­тың көбеюіне, халық табысының жап­пай төмендеуіне жол беріл­меді. Бұл шаралар тиімді болды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар Мемлекет бас­шысы еліміздегі негізгі макроэ­кономикалық көрсеткіштердің тұрақты және қаржы жүйесінің орнықты екенін атап өтті. Қазақстан Президенті Үкімет пен Мәжілістің жаңа құрамы экономиканың ұзақмерзімді өсімін қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Үкіметтің тиімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақ­сатында ел Конституция­сының 44-бабына сәйкес, Қа­зақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беруі үшін Асқар Маминнің кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынды. Мемлекет басшысы өзінің ше­шімін түсіндіре келе, Асқар Ма­мин­нің білікті әрі тәжірибелі, ең­бекқор, талапшыл және пара­сатты мемлекеттік қызметші еке­нін атап өтті. – Ол алдымызда тұрған мақ­сат-міндеттерді жақсы түсінеді. Оның Үкіметтегі нәтижелі жұмы­сы – соның айқын дәлелі, – деді Президент. Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутат­тарына өзі ұсынған кандидатураны қолдағаны үшін ризашылығын білдіріп, Асқар Маминді жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтады.