Әуесқой фотограф тағы да таңғалдырды
Әуесқой фотограф тағы да таңғалдырды
218
оқылды

Қоқиқаздардың Каспийге келгенін видеоға түсірген автор тағы бір видеосын жариялады. Осы жолы Азамат Сәрсенбаев  жалғыз аққуды түсірген. Талантты жігіттің еңбегін әлеуметтік желі оқырмандары жоғары бағалады.

Видео авторының айтуынша, 14 қаңтарда қатты жел соғып, Қаракөл көлінің маңында аққу көшінен қалып қойған. Ол мұны көл аумағын аралауға барғанда байқаған. Жанында экобелсенді Кирилл Осин болған. Азамат Сәрсенбаев Instagram желісінде оқырмандарын табиғат тамашаларын тануға шақырады. Ол мұндай видеоларына «өз әлемімде»  деп жазба қалдырады. Қазір әлеуметтік желіде Сәрсенбаев сияқты туған өлкесіндегі ерекше құбылыспен бөлісетіндер көбейді.

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ