Қаңғыбас иттерге екі ай күтім жасайды
Қаңғыбас иттерге екі ай күтім жасайды
332
оқылды

Кейінгі кездері аймақтарда қаң­ғы­бас иттерді қинау, ату оқи­ғасы көбейіп кетті. Осы орайда, елордадағы ахуалды білгіміз келді. Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, қаңғыбас иттерді ұстауға қала тұрғындары көмектеседі.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Астана ветсервис» КММ-сіне күнделікті iKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығына бірнеше өтініш түседі. Хабарлама бойынша аулау тобы көрсетілген мекенжайдағы қаңғыбас және қараусыз қалған иттер мен мысықтарды аулайды. Айта кетерлігі, аталған мекеме иттерді атумен айналыспайды. Тек рұқсат етілген аулау құралдарымен қаңғыбас және қараусыз қалған иттерді ұстайды. Ал Нұр-Сұлтан қаласы аумағында ауланған жануарларды (ит және мысық) уақытша ұстайтын оқшаулағышқа жеткізеді. Жануарларды  екі ай бойы ұстайды. Оларға қажетті күтім жасап, тамақтандырады. Торларға күнделікті механикалық тазалау және зарарсыздандыру жұмысы жүргізіледі. Екі айдан соң үшінші тұлғаға немесе паналау орнына беріледі.  Яғни,  «Астана ветсервис» мекемесі, еріктілер тобы, жануарларды қорғау ұйым­дарымен бірлесе отырып, оларды әрі қарай адамдар асырап алуы үшін жағдай жасайды.

А.АЙДАРҚЫЗЫ