Ата Заңның 59-бабына сәйкес, VII шақырылымдағы жаңа Парламенттің 1-сессиясын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі ашып берді. Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығында қолға алынатын кешенді реформаларға, өмірге енетін жаңалықтарға жеке-жеке тоқталып өтті. Енді барлық күш-жігер тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құруға жұмылдырылатынын жариялады.
Қ.Тоқаев жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарына табыс тіледі. Өткен шақырылымдағы қалаулыларға ойдағыдай қызмет атқарғаны үшін ризашылығын білдірді. Елбасы жетекшілік ететін «Nur Otan» партиясы өзінің көшбасшылығын тағы бір мәрте дәлелдегеніне екпін түсірді. – ХХІ ғасырдың 21 жылы – барша адамзат үшін бетбұрыс кезеңіне айналмақ. Бұл жыл алдағы онжылдықтың басты бағдарын айқындайды. Мұндай күрделі жағдайда уақыттан ұтылуға, бір сәтке де босаңсуға болмайды. Сондықтан Тәуелсіздіктің 30 жылдығында кешенді реформалар жүргізілетін болады! Барлық күш-жігерді тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құруға жұмылдыруымыз керек. Басты басымдық – халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыру, – деді ол.Әлеуметтік сала қайта жүктеледі
Мақсатқа жету үшін барлық салада дәйекті өзгерістер жасалатынын ескерткен ол алда қандай басымдықтарға мән берілетінін нұсқады. – Бірінші басымдық – құқықтық мемлекетті дамыту және азаматтардың билік органдарына сенімін нығайту үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Осыған орай, «Мемлекеттік басқарудың жаңа моделін» енгізу айрықша маңызды! Осы бағыттағы реформалар жүйені байыппен орталықсыздандыруды, мемаппаратты жаңғыртуды, квазимемлекеттік секторды оңтайландыруды және барлық үдерісті цифрландыруды қамтиды. Сол арқылы мемаппарат барынша ықшам, ашық әрі тиімді, ал шешім қабылдау үдерісі икемді әрі айқын болады, – деді Президент. Сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайта түсу үшін бұрын басталған реформа соңына дейін жеткізілуі керек. Сот корпусы едәуір жаңартылып, оған түрлі құқық саласының мамандары тартылмақ. – Құқық қорғау органдарының жұмысын да барынша өзгерту қажет. Азаматтармен өзара қарым-қатынастың сервистік моделін енгіземіз. Қоғамдық қауіпсіздік жаңа цифрлы технологияларды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Парламент заң үстемдігі, адал бәсеке және жекеменшікті қорғау қағидаттарының құқықтық негізін нығайта түсуі керек. Сонда бұл қағидаттар мүлтіксіз орындалатын болады. Бүгінде бірқатар заңнамалық ұсыныстар бойынша жұмыс істеліп жатыр. Дегенмен әлі де көптеген тың бастама көтеріп, заңдар қабылдау қажет, – деді ол. Екінші басымдық ретінде Мемлекет басшысы күшті және инклюзивті қоғам құрудың негізгі құралы – тиімді әлеуметтік саясат екенін айтты. Ал Қазақстан бұл бағытта озық елдерден артта қалды. Әлем «білім экономикасына» қарай жылжып бара жатыр. – Соңғы жылдары білім беру саласын реформалауда ілгерілеу бар. Сонымен қатар осыған дейін қордаланып қалған бірқатар мәселені шешу қажет. Әртүрлі әлеуметтік топтар мен аймақтар арасында білім беру сапасында алшақтық бар, оны азайту – маңызды міндет. Қайта оқыту және қызметкерлердің біліктілігін тұрақты түрде жетілдіру бойынша жаңа саясат қажет. Осы мақсатта арнайы ұлттық жоба әзірлеп, іске асыру керек! – деді Президент. Мемлекет басшысы отандық денсаулық сақтау саласын жаңғырту жұмысының аса көкейкесті екеніне тоқталды. Бұл мәселе, әсіресе пандемия жағдайында анық байқалды. Қ.Тоқаев әлеуметтік қамсыздандыру саясаты қайта жүктелетінін жария етті. Мемлекет тек көмекке мұқтаж азаматтарды қолдауға басымдық береді. – Құқық қорғау органдарының жұмысын да барынша өзгерту қажет. Азаматтармен өзара қарым-қатынастың сервистік моделін енгіземіз. Қоғамдық қауіпсіздік жаңа цифрлы технологияларды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Парламент заң үстемдігі, адал бәсеке және жекеменшікті қорғау қағидаттарының құқықтық негізін нығайта түсуі керек. Сонда бұл қағидаттар мүлтіксіз орындалатын болады. Бүгінде бірқатар заңнамалық ұсыныстар бойынша жұмыс істеліп жатыр. Дегенмен әлі де көптеген тың бастама көтеріп, заңдар қабылдау қажет, – деді ол. Екінші басымдық ретінде Мемлекет басшысы күшті және инклюзивті қоғам құрудың негізгі құралы – тиімді әлеуметтік саясат екенін айтты. Ал Қазақстан бұл бағытта озық елдерден артта қалды. Әлем «білім экономикасына» қарай жылжып бара жатыр. – Соңғы жылдары білім беру саласын реформалауда ілгерілеу бар. Сонымен қатар осыған дейін қордаланып қалған бірқатар мәселені шешу қажет. Әртүрлі әлеуметтік топтар мен аймақтар арасында білім беру сапасында алшақтық бар, оны азайту – маңызды міндет. Қайта оқыту және қызметкерлердің біліктілігін тұрақты түрде жетілдіру бойынша жаңа саясат қажет. Осы мақсатта арнайы ұлттық жоба әзірлеп, іске асыру керек! – деді Президент. Мемлекет басшысы отандық денсаулық сақтау саласын жаңғырту жұмысының аса көкейкесті екеніне тоқталды. Бұл мәселе, әсіресе пандемия жағдайында анық байқалды. Қ.Тоқаев әлеуметтік қамсыздандыру саясаты қайта жүктелетінін жария етті. Мемлекет тек көмекке мұқтаж азаматтарды қолдауға басымдық береді.3 500 ауыл жаңғыртылады
Үшінші басымдық – ұлттық экономиканың жүйелі дамуын және азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз ету. Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен кәсіпкерлердің тілектерін және қоғамдық мүддені ескеретін маңызды заң жобасы әзірленіп жатыр, ол маусым айында Мәжіліске енгізіледі. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұрын басталған жекешелендіру бағдарламасы аяқталатынын хабарлады. Квазимемлекеттік сектордың миссиясы, рөлі және функциясы қайта қаралады. Еліміздегі бастапқы индустрияландыру да тамамдалуы тиіс. Отандық өнеркәсіп «ағымдағы өзгерістерге бейімделіп, икемді болуы қажет». Осыған орай, ел Парламенті «Өнеркәсіп саясаты туралы» заңын қабылдауы керек. Президент елдегі жүйелі жаңғырулар жалғасын табатынын, оның егжей-тегжейі 29 қаңтарда өтетін Реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңес отырысында талқыға салынып, басты бағыттар бойынша шешім қабылданатынын мәлім етті. Жаңа Үкімет жыл соңына дейін барлық мембағдарламаларды – ұлттық жобаларға ауыстырып шығады. Бұл ретте «Nur Otan-ның» сайлауалды тұғырнамасындағы бастамалар бағдарламалық құжаттарға молынан енгізілуі тиіс. Төртінші басымдық – аумақ пен кеңістік тұрғысынан еліміздің теңгерімді дамуы. Бұл ретте барлық өңірді біртұтас экономикалық кеңістік арқылы байланыстыратын аса маңызды салаларды дамытуға баса көңіл бөлінеді. Бұларға – көліктік, энергетикалық және цифрлы инфрақұрылымдар жатады. Басқарылатын урбанизация жүреді, соған сай даму ошақтарын жүйелі ілгерілетпек. Жаңа стандарттарға сәйкес, 3 500-ден астам ауылды жаңғыртамыз. Айналасындағы елді мекендердің тірегі саналатын әрбір ауылға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар күрежолдар 100% жөнделеді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды әрі қарай жетілдіру үшін бюджеттік рәсімдерді жеңілдетіп, өкілді және атқарушы органдардың дербестігін арттыру маңызды. Осы орайда, мен мәслихат депутаттарына мына мәселені баса айтқым келеді: қолға алынған өзгерістердің жедел және табысты жүзеге асуы жергілікті жердегі жұмыстың тиімділігіне тікелей байланысты, – деді Қ.Тоқаев.5% дауыс жиған партия да жеңеді
Бесінші басымдық – саяси жаңғыру. Барлық өзгеріс жалпыұлттық диалог пен мәмілеге сүйеніп, эволюциялық жолмен жасалады. Былтырғы саяси реформалардың І бөлігі партияларға жаңа мүмкіндіктер ұсынып, еліміздің демократиялық дамуына серпін берді. Партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін 30% квота белгіленді. Мәслихат сайлауына пропорционалды жүйені енгізу партиялардың өңірлердегі белсенділігін арттырды. Парламенттік оппозиция институты – шағын саяси күштердің рөлін айтарлықтай күшейтеді. Ендігі маңызды қадам – ауыл әкімдерін сайлау. – Биыл жекелеген ауылдық округтерде сайлау өтеді. Біз жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтуды көздеп отырмыз. Ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін алдағы уақытта аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады. Алайда мұнымен де шектеліп қалмауымыз керек. Саяси жүйені орнықтырып, шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың ықпал етуін күшейте түсу үшін тың серпін қажет. Бұл бағытта реформалардың ІІ-бөлігін әзірлеу барысында ауқымды жұмыстар жасалды. Онда барлық партияның, соның ішінде кеше Парламентке өтпей қалған саяси күштердің де ұсыныстары ескерілді. Ұлттық кеңес мүшелерінің және басқа да беделді сарапшылар мен белсенді азаматтардың идеялары, бастамалары қамтылып отыр, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Ол Парламентке партиялардың өту табалдырығын қазіргі 7%-дан 5 %-ға азайтуды ұсынды. – Осы жолғы сайлау карантинге қарамастан қызу өткеніне куә болдық. Кейбір партияға Мәжіліс пен мәслихаттарға өтуіне сәл ғана дауыс жетпеді. Олардың әрқайсысында белгілі бір саланы жетік меңгерген, білікті азаматтар бар. Солар Парламенттің биік мінберінен айтылуы тиіс көптеген өзекті мәселені дер кезінде әрі орынды көтеріп жүр. Осындай партиялардың өкілдері Парламентке өтсе, ондағы пікірталасты қыздыра түсер еді, ортақ жұмысқа тиімді болар еді. Олар заң шығару жұмысының сапасын арттыруға сүбелі үлес қосары анық. Сол себепті саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуіміз керек. Осындай шешім қабылдайтын уақыт келді. Бұл норма тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады. Елдегі саяси бәсекенің дамуына септеседі, – деді Қ.Тоқаев. Ол болашақта партия мүшелерінің тізімін түзу және басқа да рәсімдерді онлайн форматта жасау бастамасын көтерді. Осы мақсатта электронды үкімет (eGov) порталының мүмкіндігін пайдалану ұсынылды.Бюллетеньге «Барлығына қарсы» кіреді
Алтыншы басымдық – азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігін арттыру, жастар саясатын жетілдіру және қайырымдылық қызметін қолдау. Жаңа Парламент алдында «Қоғамдық бақылау туралы» заңды қабылдау, онлайн-петиция институтын заң жүзінде ресімдеу, мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заңнаманы жетілдіру міндеті тұр. «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты ұлттық жоба, мемлекеттік жастар саясаты және волонтерлік қызмет туралы заңдар дайындалып жатыр. Депутаттар «жастардың әлеуметтік қызметтері» деген ұғымды заң жүзінде ресімдеуі керек. Қайырымдылық қызметін жүйелі қолдауды көздейтін заң жобасы қаралады. Жетінші басымдық – адам құқықтарын толық қорғау. – Азаматтардың таңдау еркіндігін барынша қамтамасыз ету өте маңызды. Әлемдік тәжірибеде адамның қандай да бір сайлауға келіспейтінін немесе үміткерлердің бәріне қарсы екенін заңды түрде білдіру құқығы кеңінен қалыптасқан. Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуы тиіс. Ендеше барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізген жөн. Бұл бастама азаматтардың сайлау құқығын қорғауға жағдай жасайды, – деген Қасым-Жомарт Тоқаев «таңдауы жоқтығын ресми көрсетудің өзі таңдау» деді. Бұдан бөлек, Президент пәрменін арттыру үшін омбудсмен туралы арнаулы заң қабылдауды Парламентке ұсынды. Себебі жергілікті биліктің үстінен арыз-шағым көп түседі. Демек, омбудсмен институтын аймақтарда күшейту қажет. – Менің негізгі ұстанымым – қоғамдағы барлық өзекті мәселелер, ең алдымен Парламентте талқылануы тиіс. Қоғам өкілдері мен сарапшылар заң жобаларын дайындау ісіне барынша атсалысуы керек. Азаматтардың наразылығын туғызуы мүмкін даулы мәселелер бойынша тиімді кері байланыс орнату – басты талаптың бірі. Парламенттің алдында маңызды 2 міндет тұр: сапалы заңдар қабылдау және өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналу. Жалпы, еліміздің заңнама жүйесін кешенді түрде жетілдіру қажет! Заң нормаларын әзірлеу барысында біреулердің жеке мүддесіне бола лобби жасауды түп-тамырымен жою қажет, – деген Президент Қ.Тоқаев сөз соңында «өз жұмысында сайлаушылардың сұранысын басшылыққа алу керегін» депутаттардың қаперіне салды.Айхан ШӘРІП