Қазгидромет 6 желтоқсанда ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, қар жауады, бұрқасын соғады.
Ақмола облысында түнде батыс, солтүстік, шығыс аймақтарда аздап қар жауады, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз батыс, солтүстік, шығыс аймақтарда аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Батыс, солтүстік, шығыс аймақтарда тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде аздап қар жауады, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, күндіз жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Батыс, солтүстік, оңтүстік аймақтарда тұман түседі. Түнде солтүстік, шығыс, оңтүстік аймақтарда 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, оңтүстікте 23 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысында түнде солтүстік, шығыс аймақтарда көктайғақ болады, күндіз батыс, оңтүстік, шығыс аймақтарда тұман түседі.
Қарағанды облысында түнде батыс, солтүстік, шығыс аймақтарда көктайғақ болады, күндіз солтүстік, шығыс, оңтүстік аймақтарда тұман түседі.
Ұлытау облысында түнде солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда тұман түседі.
Павлодар облысында түнде тұман түседі, күндіз көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстік, шығыс, оңтүстік аймақтарда қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Күндіз солтүстік, шығыс, оңтүстік аймақтарда қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Солтүстік, шығыс, оңтүстік аймақтарда тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, түнде оңтүстік-шығысқа ауысады, солтүстік аймақтарда жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Абай облысында түнде солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, күндіз шығыс, орталық аймақтарда аздап қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда тұман түседі. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Түркістан облысында түнде және таңертең батыс, оңтүстік, орталық және таулы аймақтарда тұман түседі.
Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Жетісу облысында таулы аймақтарда тұман түседі. 5-6 желтоқсанда Алакөл аудандарында жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қызылорда облысында түнде және таңертең солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда тұман түседі, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысында түнде батыс, солтүстік, шығыс аймақтарда аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ болады, күндіз солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда тұман түседі.
Атырау облысында түнде және таңертең солтүстік, батыс аймақтарда тұман түседі.
Маңғыстау облысында түнде және күндіз шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан жел соғады, батыс аймақтарда екпіні 15-20 м/с-қа күшейеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.