Шпекбаев президент болып сайланды
Шпекбаев президент болып сайланды
5,171
оқылды

Алик Шпекбаев федерацияда қызметке тағайындалды.

«ҚазАқпараттың» жазуынша, Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының халықаралық конгресінде Алик Шпекбаев аталған федерацияның президенті болып сайланды. 

Конгреске әлемнің 27 елінен Қазақ күресі спортының өкілдер келді. Жиында федерация басшысын сайлау мәселесін қараған. 27 мемлекет өкілінің бір ауыздан берген дауысымен федерацияның президенті болып Алик Шпекбаев сайланды.

Жиында жаңа сайланған президент Алик Шпекбаев 27 елден келген федерация мүшелеріне федерацияның «Құрметті президенті» ретінде Досхан Жолжақсынов, бірінші вице-президенті ретінде Бәделхан Камалханұлы сайланды.

Айта кетейік, жиында федерацияның вице-президенті болып Грекиядан келген Пекос Феодорос пен қытайлық Соң Жиаңлиң сайланды.