Нұр-Сұлтанда 4 көлік соқтығысып, 1 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтанда 4 көлік соқтығысып, 1 адам көз жұмды
126
оқылды
Елордада 4 көліктің соқтығысуы салдарынан бір әйел адам көз жұмды. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметі бойынша, кеше кешкі сағат 21.00-де Республика даңғылымен келе жатқан «ВАЗ 2106» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, «Нексия» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Тойота», одан кейін «Лада 21 726» көліктерін қақты.
 «Жол-көлік апаты салдарынан «ВАЗ 2106» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Тергеу жүргізіліп жатыр», – деді ведомстводан.