Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, – деп хабарлайды elbasy.kz.
Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Ұлттық әл-ауқат қорының 2019 жылға арналған даму қорытындылары туралы ақпарат ұсынылды.
Есімов Қор компаниялары тобының таза кірісі 1,2 трлн теңгені құрағанын, бұл жоспарланған көрсеткіштен 38% артық екенін айтты. 2017 жылдан бастап қарыз жүктемесі 1 трлн теңгеге, ал сыртқы қарыз 5,1 млрд долларға азайған.
Сондай-ақ, Қор компанияларының қаржылық жағдайын одан әрі жақсарту, портфельді компаниялардың IPO-ға шығуы және жекешелендіру жоспарын іске асыру жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырмалар берді.