Шығыс Қазақстан облысында желдің күшеюіне байланысты тасжолдардың бірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
«Қазавтожол» ЖШС ШҚОФ мәліметі бойынша 16 қаңтарда желдің күшеюіне байланысты республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» тасжолының 778-967 шақырымында жүк көліктері мен автобустардың қозғалысы уақытша шектелді. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мамандары өңір тұрғындарына алыс сапарға шыққан кезде Darmen мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйі туралы алдын ала біліп отыруға кеңес береді.