Қазақстанның  3 өңірінде ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды
Қазақстанның  3 өңірінде ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды
159
оқылды
Ауа райының бұзылуына байланысты республиканың үш облысында жол учаскелері жабылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 16 қаңтарда Алматы облысында ауа-райының нашарлауына байланысты Алматы-Өскемен тас жолының 615-683 шақырымындағы учаскеде барлық көлік түрі үшін жол жабылды. 16 қаңтарда боранға байланысты Сарыөзек-Көктал тас жолының 3-80 шақырымында, нақтырақ айтқанда Сарыөзек станциясы - Басши ауылы учаскесінде автокөліктің барлық түрі бойынша қозғалысқа шектеу енгізілді. 16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (қатты жел, қарлы боран) Алматы-Өскемен тас жолының 778-967 шақырымдық учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді (Аягөз-Қалбатау). «Таскескен-Бақты-ҚХР шекарасы» автожолының 84-187 шақырымындағы Үржар-ҚР шекарасы учаскесінде автокөлік құралдарының барлық түрінің қозғалысы шектелді.