"МузАРТ" тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев коронавирус диагнозымен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты "МузАРТ" тобының директоры Ерлан Жүнісбай растады. Оның айтуынша, кеше әншінің жағдайы нашарлап жедел жәрдем шақыртқан. Алдымен пневмония, одан кейін коронавирус екені анықталып отыр.
«Қалқамандағы №7 аурухананың дәрігерлеріне алғыс айтқысы келеді. Қазақстан тұрғындарына мұның қаншалықты қауіпті екенін түсініп, үйде отыруын және қонаққа бармауын сұрады", – деді топ директоры Ерлан Жүнісбай