Майра Айсина, Мәжіліс депутаты: Мемлекеттің міндеті – мүмкіндік жасау
Майра Айсина, Мәжіліс депутаты: Мемлекеттің міндеті – мүмкіндік жасау
224
оқылды

Мемлекет басшы­сының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжы­рым­­дамасы – елдің әлеуе­тін жақсартудың алғы­шарты. Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ай­тылған ел ішіндегі өзекті мәселелер халықтың қол­дауы­на ие болып отыр. Nur Otan партиясының «Қазақстан – 2021: Бір­лік. Тұрақтылық. Жасам­паздық» сайлауалды бағ­дарламасында елмен етене жақын жұмыс іс­теу­дің тетіктері жан-жақты жіктеліп айтылған.

Елбасы айтқандай, билік бұқа­раның мұң-мұқтажын тыңдап, ұсы­­ныс-пікірін дер уақытында ес­­керіп отырғаны – соның дәлелі. Қа­зір кез келген проблеманы қоғам ашық талқылайды. Шенеуніктерге өтінішін айтып алдына келген аза­­маттарға ең бірінші қандай мәселемен келгеніне назар аударуды тапсырды. Шешілмейтін проблема жоқ. Тек оның заңды жолын, тәр­ті­бін түсіндірсе, әлеуметтік, құқық­тық мәселелер қордаланып жинал­майды. Шешімі тез табыла­ды. Бүгінгі мәселені кейінге қалдыру, кө­кейкесті проблеманы күрделенді­ріп жібереді. Сондықтан кез келген мәселені іс жүзінде зерттеп, қол­да­ныстағы заң аясында іске асыр­ған­нан ұтарымыз көп.

Президент Жолдауында қоғам­ды зерттеу институттарының рөлін нығайту, азаматтардың құ­қы­ғы мен бостандығын қорғау, халық­тың тұрмыс сапасын жақ­сарту мә­селелеріне жеке-жеке тоқ­талды. Күні бүгінгі әлеуметтік-эконо­микалық жағдайды саралап, талдап, проблеманы шешу жолдарын да көрсетіп берді.

«Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұ­рақтылық. Жасампаздық» бағ­дарламасында халықтың тұрмысын жақсартудың негізгі тетіктері жік­телген. Тарқатып айтсақ, білім мен ғылымды дамыту, үлкен қалаларда мектептердің санын арттыру, қоғам­ның сұранысын ұдайы ескеріп отыру мәселесі үнемі басты назарда. Қазірдің өзінде үш ауысымды оқы­ту­дан түбегейлі арылу үшін жаңа­дан 34 мектеп салынып жатыр. «Те­гін кәсіби-техникалық білім – бар­шаға» жобасы аймақтардағы кадр тапшылығы мәселесін шешеді. Жастарды еңбек нарығында сұра­нысқа ие мамандықтарға оқыту дағдысы жүйеленіп келеді.

Сонымен қатар партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әлеуметтік тұрмысы төмен отба­сы­лар мен мүмкіндігі шектеулі аза­маттарды қолдауға айрықша назар аударып отыр.

Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа жүйесі енгізілді. Тәртіп бойынша жәрдемақылар көлемі әр отбасының табыс дең­гейіне қарай белгіленеді. Еңбекке жарамды азаматтар тұрақты жұ­мыспен қамтылады. Ғылым мен тех­никаның дамуынан қоғамның сұранысы жоқ маман иелері жаңа заман талабына сай қайта даяр­лаудан өтіп, жаңа мамандық алады. Көпбалалы және әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға әлеу­меттік жәрдемақы көлемі арта­ды. Оның ішінде, жастарды, жас от­басыларды баспанамен қамтамасыз ету үшін арнайы бағдарламалар қабылданды. Бұдан былай тұрақты жұмыс істейтін әрбір жас қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, тұрмысын түзей алады. Nur Otan халықтың проблемасына баса көңіл бөліп, әрбір бастаманы соңына дейін жеткізуге атсалысады.

Мемлекет басшысының халық­тың жағдайын жақсартуға бағыт­талған іс-шараларды дер кезінде қабылдап жатқаны қуантады. Ра­сында, шындықты қазір айтпасақ болмайды. Ел болып ары қарай дамимыз десек, барлық мәселені халықпен ақылдасып шешуіміз қажет. Жоғарыдан қабылданған шешімдер халықтың көңілінен шықпаса, орындалмайды. Сол себепті Президенттің халықтың айтарын тыңдап қана қоймай, үнін еститін мемлекеттің дамуына бүкіл қоғам болып атсалысқанымыз абзал. Мәселен, күні кеше халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартатын көмек туралы заң жобасын мақұл­дадық. «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұ­жы­рымдамасын іске асыру – бәрі­мізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейім­делген үйлесімді мемлекет қа­лып­тастыруға болады. Осы мақ­сат­пен біз белгілі қоғам өкіл­дерін қам­титын Ұлттық қоғамдық сенім кеңе­сін құрдық. Бұл кеңес рота­ция­лық тәртіппен жұмыс істейді», – деді Мемлекет басшысы. Билік тарапынан нақты қадамдар жасалып жатыр. Қолданыстағы заңдарды халықтың ұсынысын ескере оты­рып, қоғамның сұранысына қарай қайта қарап, толықтырулар енгізіп жатырмыз. Заңдар орындалуы, бағ­дарламалар іске асуы үшін халық­ты тыңдауымыз керек. Олардың мұң-мұқтажын елмен жүздесіп білген жөн. Өйткені бұл мәселенің екін­ші жағы бар. Өзекті мәселе ше­шімін табады. Екінші жағынан мем­лекет жағдай жасаған сайын, «бәрін мемлекет жасауы тиіс» деп кү­тіп отыратындай дағды қалыпта­сып кетеді. Оны қазір Nur Otan пар­тиясы әлеуметтік жобалар ая­сында түсіндіріп жатыр. Елмен бірі­гіп жұмысты жүйелі жасасақ, мем­лекеттің дамуына барлығымыз атса­лысамыз. Мемлекеттің міндеті — мүм­кіндік жасау. Халық соның бәрін пай­далана отырып, өзінің ой-пікірін, ақыл- кеңесін айтып, жобалардың жүзеге асуына үлесін қосқаны игі. Іс пен сөз бір жерден шығуы тиіс. Шенеуніктер адал жұмыс істеген кезде ғана сенім артады.

Бұл бағытта бастауыш пар­тия ұйымдарының атқарып жат­қан жұмыстары орасан зор. Олар шалғай аймақтарға барып семи­нар өткізіп, халықпен тығыз байла­ныста жұмыс істеуге аса қатты көңіл бөліп отыр. Облыс, қаладан шал­ғайда жатқан жергілікті жер­лердегі халыққа мемлекеттік бағдар­ламалардың маңызы мен мүмкін­діктерін насихаттауда. Жұды­рықтай жұмылып жұмыс істесек, кез келген мәселе оңтайлы шеші­мін табады. Елмен кері байла­ныс орнату – мемлекеттік қызмет­керлердің жұмысына әділ баға беру, жұмыс сапасын арттыруға бе­ріл­ген мүмкіндік. Президент өз ісіне жауапсыз мемлекеттік қыз­меткерлерге қатысты алдағы уақытта қатаң шаралар қабылданатынын ескертті. Мемлекет басшысы: «Көп жағдайда азаматтарымыз орта­лық және жергілікті орган басшы­ларының құлықсыздығы мен бей­қамдығына байланысты Прези­дентке жүгінуге мәжбүр болды. Белгілі бір саладағы шешімдердің әділетсіздігіне қатысты жолданатын көптеген шағым нақты мемлекеттік органда немесе аймақта күрделі түйткілдер бар екенін көрсетеді. Енді осы мәселеге дәл осы тұрғыдан қарап, тиісті шешім қабылдаған жөн», – деді.

Маңызды шешімдер, заңдар, құжаттарды қабылдаудан бұрын көпшіліктің талқысына салып, ақыл­­дасып шешуіміз қажет. Бас­тауыш партия ұйымдары елмен кездесуді жиі өткізсек, жұмысымыз жемісті болмақ. «Бірлік болмай, тірлік болмас» дегендей, кез келген проб­лемаға қатысты ең әуелі ха­лықтың пікірін ескерген жөн.