Қостанай облысында оқушылар қашықтан оқу форматына қайта көшті
Қостанай облысында оқушылар қашықтан оқу форматына қайта көшті
203
оқылды
Қостанай облысындағы санитарлық-эпидемиялық ахуалдың әлсіреуіне байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына қайта көшті. Бүгін Қостанай қаласының бас санитарлық дәрігері А.Байкенов білім мекемелеріндегі санитарлық талапты күшейту туралы жаңа қаулы қабылдады. Оған сәйкес, 5-11 сынып оқушылары қаңтардың 18-інен 31-іне дейін қашықтан оқыту режиміне ауыстырылады. Облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменованың айтуынша, 1-4 сынып оқушылары ғана бұрынғыдай кезекші сыныптарда білім алады. «Алайда балаларын қашықтан оқыту режіміне көшіргісі келген ата-аналарға еш қарсылық болмайды», – деді басқарма басшысы.