Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 294 адамның жағдайы ауыр
Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 294 адамның жағдайы ауыр
5,153
оқылды
Осы сәтте елімізде 24 875 адам короновирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі. 18 қаңтардағы мәлімет бойынша, 24 875 адам короновирус инфекциясынан (13 180 КВИ+ және 11 695 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 570 пациент стационарда, 18 305 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  • 294 адамның жағдайы ауыр;
  • 60 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.