Қазақстан Президентінің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Ерлан Карин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.
16 қаңтарда ол қазақстандық вакцинаны екінші рет салдырған.
"Сонымен бүгін QazCovidIn вакцинасы екінші рет егілді. Вакцинацияның талабына сәйкес 21-22 күннен кейін екінші рет егілу керек. Мысалы, қытайлық вакцина 26-28 күннен кейін екінші рет егіледі. Бұл организмдегі иммунитетті күшейту үшін керек. Алдағы үш күнде су тигізбеу керек, спортмен айналысуға болмайды", - деп жазды ол.
Ол бірінші екпеден кейін қандай да бір жағымсыз әсер болмағанын айтты.
https://www.facebook.com/karin.erlan/posts/423695168822263