Шымкент қалалық полициясы балаларының туған анасын ұрып-соғуы туралы фактіге қатысты түсініктеме берді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"1950 жылы туған жергілікті тұрғын өзіне өз туыстары қол жұмсағанын айтты. Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады, - делінген хабарламада
Шымкентте кейуананы өз қыздары мен күйеу балалары ұрып-соққан. Белгілі болғандай, оған қара шаңырақты бөлісе алмаудан туындаған дау себеп болған. Мұндай қорлыққа шыдамаған әжей өз-өзіне қол салмақ болған.