"Газ түтінінен қорғау қызметкерлерінің көмегімен өрттен мүмкіндігі шектеулі 1947 жылғы туған әйел құтқарылды. Өрт сөндірушілер әйелді жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады. Дәрігерлер тексерген соң әйел үйіне кері қайтарылды. Өрт шыққан үйдің қабырғалары мен төбесі күйіп, тұсқағаздары өртенгені, бірқатар үй жиһаздарының бүлінгені анықталды. Өрт сөндірушілер келгенше әйелде бесінші қабаттағы баспалдақ алаңына шығарып үлгерген көршілеріне зор алғысымызды білдіреміз", - дейді Степногорск қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Арман Шаяхметов.Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
"Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар. Өрт қауіпсіздігі үшін қарапайым қағидаларды есте сақтаған жөн. Өз қауіпсіздіктеріңіз - өз қолдарыңызда", - дейді төтенше жағдайлар департаментінен.
Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы