Димаш Құдайберген Джо Байденді ұлықтау апталығында өнер көрсетті
Димаш Құдайберген Джо Байденді ұлықтау апталығында өнер көрсетті
152
оқылды

Бұл туралы dimashnews.com жазды. Салтанатты кеште Димаш Құдайберген «Самалтау» әнін орындады.

Дәстүр бойынша іс-шараны Sister Cities International ұйымы өткізді. Биыл пандемияға байланысты іс-шара онлайн режимде өтті. Салтанатты іс-шараға АҚШ теңіз оркестрі, губернатор Билл Анабутти, Джозефина Биверс, генерал-майор Армандо Кабада, конгрессмен Элеонора Холмс Нортон, майор Тим Келлер, сенатор Боб Менендез, Кэрол Робертсон Лопез және тағы басқалар қатысты.

Димаш Құдайберген – АҚШ президентін ұлықтау салтанатында Қазақстаннан өнер көрсеткен тұңғыш әнші.

Ол Sister Cities International ұжымына инаугурация апталығына шақырғаны үшін алғыс айтты.