Қазақстандықтардың банктер алдындағы қарызы 30 млрд теңгеге артты
Қазақстандықтардың банктер алдындағы қарызы 30 млрд теңгеге артты
407
оқылды
Ұлттық банктің мәліметінше, 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қаржы институттары тұтынушылық мақсаттар үшін 4,3 трлн теңге берген. Сонымен бірге заңды тұлғаларға берілген несиелер 4,1 трлн теңгеден асты, – деп хабарлайды LS. Оның ішінде жеке тұлғалардың мерзімі өткен (90 күннен астам) берешегі бар қарыз көлемі 408,2 млрд теңгеге, заңды тұлғалар 212,7 млрд теңгеге жетті. Осылайша, қарыздың жалпы сомасы 621 миллиард теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5,2% немесе 30,6 млрд теңгеге өсті.