Нұр-Сұлтанда боран соғып, солтүстік облыстарда қалың қар жауады
Нұр-Сұлтанда боран соғып, солтүстік облыстарда қалың қар жауады
378
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін республиканың басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады.

Нұр-Сұлтан қаласында бұрқасын соғады. Күндіз көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Ақмола облысының кей жерлерінде қалың қар жауады. Кейбір аймақта тұман түсіп, боран соғады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін.

Бүгін Көкшетау қаласында жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең тұман түседі.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан cоққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Өскемен қаласында желдің екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Түркістан облысында жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ орнайды. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шымкент қаласында оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с болатын жел соғады. Түркістан қаласында да оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде қалың қар жауады. Кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал.

Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20, 23 м/с жетеді.

Қостанай қаласында қар жауады, бұрқасын көтеріледі, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.