Туды судан алып шыққан полицей «Халық алғысы» медалімен марапатталды
Туды судан алып шыққан полицей «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Бұл туралы otyrar.kz жазды. Былтыр мамыр айында Мақтаарал ауданындағы су тасқыны кезінде Жетісай АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Есімжан Надиров патриот екенін көрсетті.

Апат кезінде су басқан мектеп ауласынан Мемлекеттік Туды суға ағып кетпес үшін тұғырдан шешіп алып шыққан. Полиция майоры Есімжан Надировтың Туды алып шыққанына көпшілік тәнті болды. Қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін Жетісай АПБ бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Есімжан Үсенбекұлы Надировты Президенттің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығы бойынша «Халық алғысы» медалімен марапаттады. Медальді полиция полковнигі Мақсат Асқаров арнайы Жетісай АПБ-ның жеке құрамының саптық жиынында табыс етті.

Бұған дейін Мақтааралдағы апат кезінде Мемлекеттік Туды алып шыққан полицей туралы жазған болатынбыз.