Мұхтар Тілеуберді 1968 жылы 30 маусымда Түркістан облысы Ақсукент ауылында туған.
1990-1993 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия тарихы және қытай филологиясы кафедраларында жұмыс істеді.
1993-1996 жылдары атташе, Азия елдері басқармасының үшінші хатшысы;
1996-1999 жылдары Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы;
1999-2000 жылдары Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бірінші хатшысы, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім басшысы;
2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі;
2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі елшілігінің кеңесшісі;
2004 жылдың тамызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін Қазақстанның Малайзиядағы елшісі лауазымын атқарған;
2005 жылдың наурызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін Қазақстанның Индонезия, Бруней-Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы елшісі;
2009 жылдың шілдесінен бастап 2016 жылдың наурызына дейін - Қазақстанның Швейцариядағы елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн князьдігіндегі, Ватикан мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі;
2015 жылы Қазақстанның Иерусалимдік Әулие Иоанн Егеменді Әскери Госпитальерлер Ордені жанындағы, Родостағы және Мальтадағы қоса атқарушы елшісі болып аккредиттелді.
2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.