Қазақстанда алты облыс аумағында қолайсыз ауа арйына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Aikyn.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
19 қаңтарда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Көкшетауда ертең түнде және таңертең тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетіп, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын, солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оралда 19 қаңтар түнде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Атырау қаласында 19 қаңтарда түнде тұман түсіп, көктайғақ болады.