Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
241
оқылды
Бұл туралы Президенттің Баспасөз хат­шысы Берік Уәли өзінің Facebook парақша­сында жазды. Ұлттық кеңестің жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Асқар Умаров, ADAL партиясы саяси кеңесінің мүшесі - хатшысы Эльдар Жұмағазиев, StopFake.kz жобасының жетекшісі, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Александр Данилов, Ақтөбе қаласындағы «Тандем» телерадиокомпаниясының бас директоры Тәттігүл Талаева, Team Qazaqstan жастар қозғалысының белсендісі, білім мәселелері жөніндегі сарапшы Қайсар Тұрсынқожа, Қазақстан Президентінің «Бола­шақ» Халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры, Президент­тік жастар кадрлық резервінің мүшесі Лаура Демесинова тартылды. Ротация аясында Ұлттық кеңес құрамынан А.Қожах­ме­тов, Ш.Мұқан және Е.Тұрсынов шыға­рылды. Ұлттық кеңес құрылғаннан бері бір жарым жыл ішінде оның бастамаларын іске асыру шеңберінде 10 заң қабылданды және тағы 7 заң қарастырылуда. Қазір Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына дайындық жүргізілуде.