Тұрғындарды үрейлендірген «бомба»
Тұрғындарды үрейлендірген «бомба»
122
оқылды

16 қаңтар, яғни сенбі күні кешке Нұр-Сұлтандағы «Та­­­мыз» тұрғын үй кешенінің тұр­­­­ғындарына «бомба қойыл­­­­ғаны» туралы хабар­лама же­теді.

Тіпті, арнайы бейне­­­мате­­­риалдар тарап, онда «бомба ке­лесі кіреберіске қойылды. Бар­­­лығы эва­куацияланды. Бір тер­­рорист ұсталды, қалғаны табыл­­мады. Бүкіл аула поли­цейлерге толы болды. Кіребе­­рістің бәрі жабылды. Мұндай жағдай соңғы 10 жылда болған емес» деген дауыстар естіледі. Кейінірек белгілі болғандай, «Тамыз» тұрғын үй кешеніндегі тұрғындарды эвакуациялауға жарылғаш зат туралы телефон хабарламасы себеп болған. Бас­­­­тысы, ақпарат жалған болып шықты. Бомба табылған жоқ. Нұр-Сұлтан қалалық По­ли­­­­ция департаментінің ақ­пара­­­­­­­­ты бойынша, 16 қаңтарда сағат 22.03-те 102-ге «тұрғын үй ке­­шендерінің біріне бомба қойыл­ды» деген хабарлама келіп түс­кен. Полиция қызмет­керлері шамамен 60 адамды эвакуация­­лады, жа­рылғыш зат табылған жоқ. «Күдікті ұсталды. Сараптама қорытындысы бойынша, ол ішім­­дік ішіп алған. Мас күйінде болған. Бұл факті бойынша қыл­­мыстық іс қозғалды. Тексеру жүр­гізіліп жатыр», – дейді де­партаменттің баспасөз қыз­меті.

Гүл БЕКЗАТ