Балаларға зорлық үшін жаза қатайды
Балаларға зорлық үшін жаза қатайды
221
оқылды

Қазақстанда жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін жауапкершілік күшейтілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Осының алдында Мемлекет басшысы өз Жолдауында кәмелетке толмағандарға жасалған жыныстық қылмыстар үшін жазаны ауырлатуды тапсырған болатын.

Осыған орай, ІІМ кейбір заң­намалық акті­лерге тиісті түзе­­тулер жобасын әзірлеп, Пар­ламент қарауына енгізілген. Биыл­ғы жылдың 11 қаңта­рында бұл өзгеріс заңды күшіне енді. Осылайша, балаларға қа­­тысты жасалатын жыныстық си­паттағы қылмыстың барлық түрі үшін жауапкершілік қатаң­датылды. Кәмелетке тол­маған балаларды зорлаған қыл­мыс­керлер жазасы ауырлады. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 120-бабына сәйкес, қылмыстық топ құрамында зор­лауға қа­тысқан қаскүнемдер үшін жаза­ның төменгі шегі – 17 жылға дейін бас бос­­­тандығынан айы­руға көбейтілді. Бұған дейін 15 жылдан басталатын. Егер ата-анасы, өгей әкесі, педагог бала зорласа, ол үшін сан­кция 17-20 жылға дейін ұл­ғайтылды. Бұрын бұл норма бойынша санкция 12 жылдан 17 жылға дейінгі аралықты құ­­райтын. Мұндай өзгерістер Қылмыстық кодекстің 121, 122, 123, 124, 134, 144, 312-баптарына да енгізілді. Бұл бастама кәме­­­летке толмағандардың өмірі мен денсаулығына балта шабуы мүм­кін зорлық-зомбылық әре­­кеттері мен қылмысты ауыз­дық­тайды деген үміт бар.

Ерік ЕРДЕНОВ