Жұмысқа орналасу, тұрғын үй проблемасы шешімін табады — Тоқаев
Жұмысқа орналасу, тұрғын үй проблемасы шешімін табады — Тоқаев
152
оқылды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдауды күшейту керегін айтты, — деп хабарлайды «Қазақпарат».

Мемлекет басшысы ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға кешенді әлеуметтік патронаттық қолдауды күшейту керегіне тоқталды.

«Еңбек етуге ынталандырудың жаңа тәсілдеріне мән беріліп, атаулы әлеуметтік көмекті асыра пайдалану барынша азаяды. Сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға кешенді әлеуметтік патронаттық қолдауды күшейту керек деп санаймын. Білім алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселесін шешуге арналған негізгі талаптар баршаға түсінікті болуы қажет», — деді Президент. Ол Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бұл мәселелерді шешуге бизнес өкілдері мен мемлекеттік компанияларды тарту қолға алынғанын атап өтті. «Осы тәжірибені басқа да өңірлерге тарату керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.