Наурызда коронавирусты жеңетініміз рас па?
Наурызда коронавирусты жеңетініміз рас па?
234
оқылды

Тышқан жылы төрткүл әлемді үрей құшағында ұстап келді. Пандемияны айтпағанның өзінде Аустралия құрлығы отқа оранып, Таулы Қарабақта соғыс өрті лау­лады. Сондай-ақ бірқатар ел­де табиғи апаттар болып, саясат сах­­насы да шатқаяқтады. Ал бұ­ның барлығын әйгілі болгар кө­ріп­келі Ванга болжап кеткенін біле­сіз бе?

Негізі, осыдан 24 жыл бұрын қайтыс болған Ванганың болжамдары осы күнге дейін дәл келуде. Ал оның көріпкелдік сөздерін көзі тірісінде досы болған Сергей Косторной жазып алып, бізге жеткізіп келеді. Ресей теле­арна­сының «На самом деле» бағ­дарламасында айтқан сөзіне сүйен­сек, Ванга 2100 жылға дейінгі болжамдарын Сергейге қалдырып кеткен екен. Алайда көріпкел әр болжамын жыл ба­сын­да жариялау туралы шарт қой­ған.

2020 жылғы болжам орындалды ма?

Сонымен, 2020 жылға Ванга не болжады? Косторной 2019 жыл­дың ая­ғында Ресей теле­арнасынан Ванга әлемді пандемия жайлайтыны туралы бол­жағанын айтты. Індет оңтүстіктен бастау алып төрткүл әлемге таралатынын  жет­кізді. Сондай-ақ Ванга 02.02.2020 саны адамзат тағдыры үшін шешуші күн бола­тынын ескерткен. Көріпкелдің сөзінше, осы күні оттың күлі жер бетін жаулап, су жағадан шығады екен. Егер бұл болжамға зер салатын болсақ, өткен жылдың ақпаны бол­маса да, қаңтар айында Авс­тралия құрлығы өртке оранғанын ел жақ­сы біледі. 500 миллион жа­нуар қырылып, от алауы ғарыш­тың өзінен көрінді. Табиғи апат­тан сондай-ақ 10 миллион адам жапа шегіп, 27 тұрғын қаза тапты. Бұл соңғы ғасырда болмаған ең үлкен табиғи апат ретінде тіркелді. Ванганың «оттың күлі жер бетін» жаулайды дегені осыны меңзеген секілді. «Ал су жағаға шығады» деген болжамына келер болсақ, жер-жерлерде болған су тас­қын­дарынан бөлек, мамыр айында Өзбек­стандағы төтенше жағдай салдарынан Түр­кістан облысын­дағы Мақтаарал ауылын су басты. Бұл да терең ойға қал­дыр­ады... Ванганың жеке аудармашысы Стоян Петров көріпкел індеттен миллиондаған адам қайтыс бола­тынын айтқанын жет­кізген. Ал әлемдік статистикаға сүйенетін болсақ, бүгінде коронавирустен көз жұм­ғандардың саны 2 мил­лион­ға жуықтап отыр. Сондықтан Ванганың бұл тұста да болжамы дөп келгенін мойындау керек. Болгар көріпкелі Таулы Қара­бақ­тағы қақтығысты да тура айт­ты. Тараптарды жақтайтын мем­ле­кеттер арасында дип­ломатиялық келіссөздер жүргізілмесе, оның арты қиынға соғатынын жеткізді. Сондай-ақ АҚШ пен Иран шие­ленісінің соңы Үшінші дүние­жүзілік соғысқа апаруы мүмкін екенін де көріпкел бол­жаған. Бірақ абырой болғанда екі тарап­тан да адам шығыны болғанымен, үлкен соғыс өрті тұтана қойған жоқ.

2021 жылы Жер шарын не күтіп тұр?

Биыл Жер шарын не күтіп тұр? Адам­зат тағдыры туралы көріпкел не дейді? Ванганың досы Сергей Косторнойдың жуырда ресейлік телеарнаға берген сен­сациялық сұхбатына сүйенсек, кө­ріп биыл коронавирус індеті «кісенделетінін» болжаған. Бұл тұста Ресей мемлекетінде жасалып жатқан вакцина ерекше рөл ойнайды екен. Тіпті, көршіміз әлемді құтқарушы ретінде таны­лып, беделі тағы биіктей түсетін көрінеді. Ал коронавирус кеселін Ванга күн мен түннің теңесетін 22 наурыз күні деп көрсеткен. Бір сөзбен айтқанда, қазақы Жаңа жыл күні адамзат әлемдік пан­демиядан құтылады екен. Бірақ Ресейдің вакцинасы Орта Азия мен Ресейдің өзін құтқарғанымен, Еуропадағы бірқатар елдер осы жылдың соңына дейін кеселмен күреседі. Бірақ Қазақстан ко­рона­­вирусты жеңетін елдер қатарында екені қуантады. Ванга болжамы бойынша, биыл Амери­ка құрлығының бір­қатар жағалауы су астына кете­ді. Бұл құрлық тұрғын­дары­ның тұтас тіршілігін өз­гертетін кө­рінеді. Ал АҚШ-тың президенттік сай­лауы елді екіге бөліп, мемлекетте аза­мат­тық соғыс басталмақ. Қазір Трамп пен Байден билік үшін таласып жат­қа­нын ой­ласақ, бұл болжамның болып қалуы мүм­кін секілді.

Ал коронавирус кеселін Ванга күн мен түннің теңесетін 22 наурыз күні деп көрсеткен. Бір сөзбен айтқанда, қазақы Жаңа жыл күні адамзат әлемдік пан­демиядан құтылады екен. Бірақ Ресейдің вакцинасы Орта Азия мен Ресейдің өзін құтқарғанымен, Еуропадағы бірқатар елдер осы жылдың соңына дейін кеселмен күреседі. Бірақ Қазақстан ко­рона­­вирусты жеңетін елдер қатарында екені қуантады.

Болгар көріпкелі болжамында Қытай мемлекетінің де әлемдік сахнадағы орны туралы сөз еткен. Оның айтуынша, Аспанасты елі әлем қожайыны болу үшін түрлі құйтырқы әрекеттерге барады екен. Алайда бұл үлкен соғыс өртіне апармай, керісінше дипло­матия мен электронды ақша айна­лымы көп тұста саяси маңызға ие болмақ. Ванга 2020 жылдың аяғында Жер шарына ғарыштан да қауіп төнетінін айтқан. Қазір NASA ға­лымдары жыл соңында Жерге жа­қын үлкен метеорит ұшып өткенін жоққа шығармай отыр. Енді аталған ғарыштық дене 55 жыл­дан кейін Жерге қайта жа­қындай түсетін көрінеді. Осы ақ­парға сүйенсек, көріп­келдің бұл тұста да айтқаны айдай келді. Негізі, Ванга 02.02.2020 – екі саны қайталатын күннің қауіптігі туралы көп ескерткен. Тіпті, бұл сандар ақыр заман күнін жақын­датып, тірі қалғандар Жер бетінде жүргені үшін өкінетінін болжаған. Алайда Аллаға сансыз шүкірлік, бұл күн әлем үшін айтарлықтай апатты ізін қалдырған жоқ. Десе де, ғалымдар Ванга 02.02.2022 күнін айтуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Сондықтан олар қазір Ванганың соңғы жылдардағы болжамдарын жіті зерттеуде.

Кімге сенеміз?

Ал скептиктер болса, Ванга­ның барлық болжамы дөп келмей­тінін айтып, миық­тарынан күліп жүр. Бұған негіз жоқ емес. Олай дейтініміз –ғалымдар Ванганың болжамдарының 20 пайызы шын­дық­пен жанаспағанын алға тарта­ды. Бірақ бұл бол­гар көріпкелінің болжамдарын жоққа шы­ғаруға негіз бола алмайды. Себебі 80 пайыз­дық дәлдік математика мен гео­метрияның өзінде үлкен маңызға ие. Әрине, адамның айтқаны емес, Алланың дегені болатыны түсі­нікті. Бірақ Ванганың осы күнге дейін айтқан болжам­дарының дені тура келіп жатқаны терең ойға қалдырады. Ең бас­тысы, биыл болгар көріпкелі бол­жағандай, ешқандай соғыс өрті тұтанбай, 22 наурыз күні корона­вирусты жеңсек, содан асқан ба­қыт жоқ екені анық. Бірақ Қытай ғалымдары 2021 жылы корона­вирусқа байланысты ахуал нашар­лай түсетінін айтып отыр. Олар­дың болжамы бойынша, наурыз айында індет­тен көз жұмған адамдардың саны 5 мил­лионға жуықтауы мүмкін екен. Сон­дай-ақ сарапшылар АҚШ-та корона­вирус қатты өршитінін алға тар­туда. Ал еліміздің профилак­тика­лық медицина ака­демия­сының президенті, медицина профессоры Алмаз Шарман Қазақстанда коронавирусты жұқтыру 2 нау­рызда шарықтау шегіне жетеді де­ген дерек келтіріп жатыр. Әрине, мұның барлығы байлам емес, болжам екені түсінікті. Алайда көптің тілеуі кеселдің тез «кісенделуі» екені анық. Жарат­қаннан елімізді сақта деп тілейік!

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы