Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салу жұмыстары 1 ақпанда басталатынын айтты.
«2021 жылғы 19 қаңтарда Спутник V вакцинасының 20 мың дозасын әкелу жөнінде Қарағанды фармкешені мен РФ тікелей инвестиция қоры келісімге келеді. 20 қаңтарда бұл вакциналарды «СҚ-Фармация» компаниясына арнайы тәртіп бойынша бір рет әкелуге рұсқат беру көзделген. Осыдан кейін халықтың бұған дейін белгіленген топтарына 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу жоспарлануда. Кезең-кезеңмен салынған вакцина нәтижесінде жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салу көзделіп отыр», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.
Бұған дейін министр коронавирусқа қарсы қандай вакцина салдыратынын айтқан болатын.