Тәулігіне 6-9 мың қазақстандық коронавирус жұқтыруы мүмкін - Цой
Тәулігіне 6-9 мың қазақстандық коронавирус жұқтыруы мүмкін - Цой
306
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2021 жылы наурызда коронавирус өршіп, тәулігіне 6-9 мың қазақстандық коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты.
"Денсаулық сақтау министрлігінің болжам жасау тобы  2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады. Наурыз айының соңында қазақстандықтар жаппай коронавирус жұқтыруы мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың адам індетті жұқтыруы мүмкін. Ауруханаларда 24 мың төсек-орын жасақталуы ықтимал. Бұндай жағдайда карантинді қатаңдату жоспарланып отырған жоқ", - деді Цой Үкімет отырысында.
Министр пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 6-9 мың қазақстандық коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты.
"Пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 6-9 мың адам коронавирус жұқтырып, 45 мың төсек-орын толуы мүмкін. Бұндай жағдайға 52 мың төсек-орын әзірленген. Ондай жағдайда денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесін ауырлатпау және сапалы медициналық қызмет көрсету үшін карантин шаралары қатаңдатылады", - деді министр.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 6 өңір "қызыл" аймаққа кіргенін айтқан болатын.