Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирустың өршуіне байланысты Қазақстан бойынша 19 блокпост қойылғанын айтты.
"Министрлік еліміздегі денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп, шектеу шараларының дұрыс орындалуына бақылау жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда санитарлық дәрігерлердің шешімі негізінде жекелеген өңірлерде 19 блокпост қойылған. Алматы, Қостанай, Ақтөбе, Атырау облыстарында блокпост қойылған. Карантиндік шараларға 10 мыңнан астам полиция қызметкері және Ұлттық ұлан әскери қызметкерлері жұмылдырылған. 290 карантин нысаны қоршауға алынған", - деді Тұрғымбаев Үкімет отырысында.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой наурызда коронавирус өршіп, тәулігіне 6-9 мың қазақстандық коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтқан болатын.