Биыл Қарағанды облысында өнеркәсіп қалай дамиды?
Биыл Қарағанды облысында өнеркәсіп қалай дамиды?
238
оқылды

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режимінде өнеркәсіптердің жұмысын бағалау үшін ірі компаниялардың басшыларымен кездесті. Өңір басшысына өнеркәсіп алыптарының жоспарлары туралы айтылды.

– 2020 жылы қиын жағдайларға қарамастан облыс кәсіпорындары тұрақты жұмыс істеді. Жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімін өндіру 1,5% өсіммен 2,9 трлн теңгені құрады. 2021 жылға өнім көлемі 3,2% өсіммен 3 трлн теңге деңгейінде жоспарланып отыр. Өңдеу өнеркәсібінде - 3,5%-ға, тау-кен өнеркәсібінде - 1%-ға оң динамика күтілуде, – деп хабарлады Өнеркәсіп басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмасұлтанов.   [caption id="attachment_104351" align="aligncenter" width="1239"] width= Фото: www.gov.kz[/caption] Оның айтуынша, металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібі және т. б. барлық негізгі салаларда өсім байқалады. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры Бижу Наир компанияның 2021 жылға барлық бөлімшелер бойынша 140 млрд теңге сомасында инвестициялар жоспарлағанын хабарлады. Металлургия өндірісін жаңғыртуға жұмсалатын шығындар шамамен 77 млрд теңгені құрауы тиіс. Комбинат болат өндірісін 14,2%-ға - 3,8 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. «Қазақмыс» өндірісті жаңғырту және кеңейту бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Компания биыл инвестицияны екі есеге - 96,3 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға уәде беріп отыр. Мыс өндірісі 344,6 мың тонна көлемінде жоспарланған. Жәйрем тау-кен байыту комбинатында құны 145 млрд теңге болатын ірі жобаны жүзеге асыру аяқталуда. Мұнда жылына 5 млн тонна қорғасын-мырыш кенін өңдейтін жаңа байыту фабрикасы салынуда. Концентрат өндірісі шамамен 650 мың тоннаны құрайды. Жаңа кәсіпорында 380 жұмыс орны ашылады. «Жәйрем КБК» АҚ басқарма төрағасы Сергей Бартоштың айтуынша, барлық жабдықты монтаждау сәуір айында аяқталуы тиіс, ал мамыр айында өндірісті толық іске қосу жоспарлануда. YDD Corporation ферроқорытпа зауытында төртінші пеш іске қосылады. Бұл кәсіпорынның қуаттылығын жылына 240 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. «Алтыналмас» алтын өндіру фабрикасының толық қуатына шығу күтілуде. Долинное және Пустынное кен орындарында 5 млн тоннаға дейін кен өңделіп, 5 тонна Доре қорытпасы өндіріледі. Теміртаудағы техникалық газ өндіретін зауыт, Саран қаласындағы автобус зауыты да облыс экономикасы өсімінің драйвері болуы тиіс. – Біздің облыста экономиканың 51%-ы - өнеркәсіп. Өңірдегі әлеуметтік көңіл-күй кәсіпорындардың тұрақты жұмысына байланысты. Біз үшін маңызды факторлар - бұл жұмыс орындарын сақтау, жалақының өсуі, еңбек жағдайларын жақсарту, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. – Өнеркәсіп ұжымдары штаттық режимде еңбек етуде. Өткен жыл қиын болды. Біз бірге қиындықтарды жеңіп, жаңа өмірлік ағымға қайта төселе алдық. Биыл өндірістік өсімді жалғастыру керек. Біз әр кәсіпорынмен жан-жақты жұмыс істеуге және бізге байланысты барлық мәселелерді шешуге дайынбыз. 2021 жылы кем дегенде 700 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда. 1500 жұмыс орнын құрумен 13 жаңа өндіріс ашылады деп күтілуде.