16 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кешендерінің бірінде адам өлтіру фактісі орын алды. Ер адам алдымен әйелін өлтіріп, содан кейін өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.
Полиция пәтерлердің бірінде туыстар арасында жанжал болғанын, күйеуі әйеліне пышақ сілтеп, содан кейін өз әпкесіне бірнеше пышақ жарақатын салғанын анықтады. Әпкесі пәтерден қашып шығып үлгерген және көршілерін көмекке шақырады, олар полиция шақырды. Осы кезде ер адам есікті бекітіп, пәтеріне ешкімді кіргізбей қойған.
"Оқиға орнына келген полиция жасағы есікті бұзып кіріп, 46 жастағы әйел мен өз-өзіне пышақ салған оның күйеуінің денесінің үстінен түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем бригадасы ер адамның өлімін тіркеді", делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.