Коронавирусқа қарсы вакцина салдыратын адамның міндетті түрде жазбаша келісімі болуы тиіс – Байтанаев
Коронавирусқа қарсы вакцина салдыратын адамның міндетті түрде жазбаша келісімі болуы тиіс – Байтанаев
107
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, жазбаша келісімсіз вакцина салынбайды.

«Вакцинаны тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген емханадан алуға болады. Ауру жұқтыруға бейім топқа жататын азаматтарды вакцина салдыруға учаскелік дәрігерлер шақырады», – дейді ол.

Вакцина салдыру үшін азаматтардың жазбаша келісімі болуы тиіс.

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинациялау 1 ақпаннан басталатынын айтқан болатын.