Ауа райына байланысты жеті облыста ескерту жарияланды
Ауа райына байланысты жеті облыста ескерту жарияланды
5,120
оқылды

Ақмола облысында басым бөлігінде күндіз қар жаууы ықтимал. Кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Көкшетауда ертең таңертең және күндіз жаяу бұрқасын соғады, тұман түсіп, шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15 м/с жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанда қаласында ертең күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының күндіз басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын соғады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с күшейіп, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавлда ертең күндіз боран соғады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с жетіп, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түркістан облысында кей жерлерінде тұман түседі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады.

Оралда тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.