Кеңестің жұмысын қорытындылады
Кеңестің жұмысын қорытындылады
263
оқылды

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Miras аймақ­тық кеңесінің қатысушы­лары бас қосты.

Олар кездесу барысында кеңес­тің өткен жылдағы жұмы­сын қо­рытындылап, 2021 жыл­ға ар­налған жұмыс жоспарын тал­қылады. Күн тәртібіндегі екін­ші мәселеде Парламент Мә­жілісі мен Алматы қаласы мә­с­лихаты депутаттарын сай­лау нәтижелері айтылды. Кеңес төрағасы, «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық мәслихатындағы депутаттық фракцияның мүшесі Қали Сәрсенбайдың айтуынша, өт­кен жылы түскен ұсыныстар не­гізінен шешімін тапқан. Ұсы­ныстардың көпшілігі әлеу­меттік-мәдени бағытқа, сон­дай-ақ жас ұрпақтың шығар­машы­лық және жеке дамуына байла­нысты болған. Сонымен қатар қаланың мәдени-ағарту мекемелерін жақсарту және жастар арасында отбасы­лық құндылықтарды қалыптас­тыру бойынша да өтініштер түскен. Жиында Алматы қалалық филиалы төрағасының орын­басары Қайрат Бисембаев сөз сөйлеп, онлайн отырысқа қа­тысушыларды сайлау нәти­желері туралы хабардар етті. Басты назар праймериз, яғни партиялық алдын ала іріктеудің бірегейлігіне аударылды, бұл белсенділік танытқан алматы­лықтарға Мәжіліс пен мәсли­хаттың депутаты болуға мүм­кіндік берді. Сондай-ақ сай­лауға дайындықтың ерекшелігі қала тұрғындарымен тығыз байланыс орнату болды. Нәти­жесінде, 1 600-ден астам ұсыныс пен тілек жиналды, олардың 79 пайызы қалалық филиалдың алдағы 5 жылға арналған сайлау бағдар­ла­масына енгізілді. – Сайлаудың өзіне келетін болсақ, сайлаудан кейін «Nur ­Otan» партиясы респуб­лика бо­йын­ша 71,09 пайыз дауыс жи­нады. Осылайша, «Nur Otan» партиясынан 76 үміткер Мәжіліс құрамына кіріп, оның 10-ы Ал­маты қала­сы­нан болды. Алматы қаласы­ның мәслихат депутатты­ғы­на сайлаушылар­дың 68,11 пайызы «Nur Otan» партия­сына дауыс берді. Осылайша, партия 29 де­путаттық мандат алды. Пан­де­миядан туындаған шек­теу­лер­ден кейін «Nur Otan» пар­тия­сы кандидаттары­ның ауқымды іс-шаралары жаңа форматқа ауыстырылды. Қала тұрғындары арасында ең жақсы қолдау тапқан «Есіктен-есікке дейін» акциясы, экспромт кездесулер мен кан­вассинг болды, – деп атап өтті Қайрат Бисембаев. Ол сонымен қатар сайлау кезеңінде үміткерлер 300 мыңға жуық сайлау жасындағы алма­тылықтарды қамтығанын, жал­пы, нұротандықтар Алматыда үгіт-насихат жұмыстары ке­зінде 400-ден астам кездесу өт­кізгенін де тілге тиек етті.

Әбілмансұр ЖАСАН