Өзекті мәселе партия назарында
Өзекті мәселе партия назарында
5,234
оқылды

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде халық үніне құлақ асатын мемлекет қағи­дасын жүзеге асыру аясында облыстық  ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Руслан Каюпов тұрғындармен кездесіп, олардың арыз-шағымдары мен талап-тілектерін тың­дады.

Қабылдауға келген қала тұрғыны Жұмакүл Келжанова есігінің алдын­дағы өзіне тиесілі 10 сотық жердің 7 сотығы қазылып, үңгір болып қал­ға­нын айтып, құм толтырып беру туралы өтінішін білдіріп, көмек сұ­рады. Ал Күлшара Айымбетова Алматы қаласында 1-курс оқитын студент қызын Қорқыт ата универ­ситетіне қашықтан оқытуға ауыстыру жолдарын іздейді. Көпбалалы ана Мөлдір Ахметова медициналық колледж бітірген білімі бар екенін тілге тиек етіп, мамандығы бойынша жұмысқа орналасқысы келетінін жеткізді. Қоғамдық қабылдау барысында өзге де тұрғындардың бірқатар та­лап-тілегі айтылды. Әрбір азаматтың өтінішін жеке-жеке тыңдаған бас­қар­ма басшысының міндетін ат­қарушы Руслан Каюпов келушілерге заң аясында кеңес беріп, шешілу жолдарын зерттеп, жақын күндері реттейтінін, бұл мәселелердің бәрі пар­тия назарында болатынын айтты.

Әбілмансұр ЖАСАН