«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында бастауыш партия ұйымы төрағалары бас қосты. Аталған филиал төрағасы бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Мұратәлі Қалмұратовтың төрағалығымен өткен отырысқа «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Партиялықтар осы жылдың 10 қаңтарында өткен сайлау қорытындысы бойынша бастауыш партия ұйымдары төрағаларының пікірлерін тыңдап, биылғы жұмыс жоспарын бекітті. Өз кезегінде Мұратәлі Қалмұратов сайлаудағы бақылаушы азаматтарға алғыс білдіріп, халыққа берген уәдені орындаудың маңызы жайында айтты. Сондай-ақ жиын қатысушылары Шымкент қаласында баспана кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін басқарма басшыларымен біріге отырып шешу, шалғай елді мекендерді сумен, газбен, электр энергиясымен 100 пайыз қамтамасыз ету, 3 ауысымды мектептер мәселесін шешіп, жоспарланған 42 мектеп құрылысын салу, 10 медициналық мекеме құрылысын жүзеге асыру жайында ой алмасты. Отырыста қаладағы бастауыш партия ұйымдарының рөлін күшейту мәселесі де назардан тыс қалмады. Кездесу қорытындысында бастауыш партия ұйымдарының биылғы жұмыс жоспары түзілді. Айта кетейік, қазір қалалық партия филиалының есебінде 35 мыңнан астам партия мүшесі бар, олар 47 бастауыш партия ұйымына біріктірілген.Әбілмансұр ЖАСАН