Тұрғындардың арызын тыңдады
Тұрғындардың арызын тыңдады
222
оқылды

Бүгінде карантин шараларының күшейтілуіне байланысты азаматтармен қашықтан кездесулер белсенді түрде ұйымдастырылып келеді. Сондай кездесулердің бірі Ақмола облысында өтті.

Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықов бейнебайла­ныс жүйесі арқылы тұрғындардың арыз-шағымын тыңдады. Өтініш білдіргендердің басым бөлігі мемлекеттен мал жайылымына арналған  жер алу, жер учаскелерін жекешелендіру мәселелерін сөз етіп, аталған мәселелерге қатысты пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.  Қа­былдауға қатысқан тұрғындар өзге де өзекті мәселелерге байланысты сауал­дарына жауап алды. Барлық өті­ніш иелеріне заң нормалары шеңбе­рінде түсініктеме беріліп, өті­ніш­тердің орын­далуы партия бақы­лауына алы­натыны айтылды.

Әбілмансұр ЖАСАН