602 сайлаушыдан ұсыныс түсті
602 сайлаушыдан ұсыныс түсті
238
оқылды

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық сайлауалды штабы қо­ғам­дық қабылдау бөлмесінің сайлау науқаны кезеңінде атқарған жұ­мыстары, ұсыныстардың жиналуы бойынша ақпарат жарияланды.

Сайлау процесі және үгіт-насихат кезінде облыстағы сайлауалды штаб­тардың қоғамдық қабылдау бөлме­леріне сайлаушылардың 602 ұсы­нысы мен өтініші келіп түскен. Аза­маттар әртүрлі мәселе бойын­ша көмекке жүгініп, ұсыныстарын да қоса жеткізген. Атап айтқанда, әлеу­меттік қамсыздандыру – 33,3%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лығы – 13,9%, тұрғын-үй және жер учаскелерін бөлу – 12,2%, жұмысқа орналастыру және еңбек даулары – 8,8%, денсаулық сақтау – 7,6%, білім беру – 3,6%, банктер мен ұйымда­ры­ның қызметі – 3,8%, кәсіпкерлік – 2,8%, сот және құқық қорғау қызме­ті – 2,1%, агроөнеркәсіптік кешен – 4,3%, халықты құжаттандыру және тіркеу 2,8% болған. Сонымен қатар ұсыныстар мен шағымдардың 4,8%-ы басқа мәселелер бойынша келген. Талдау қорытындылары бойынша 360 ұсыныс (59,8%) сайлау алдындағы бағдарламаға енгізілген, 67 шағым жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, одан ары қарай бақылауға алынды, бұдан басқа 94 ұcыныс қолданыстағы заңнаманы өзгерту мәселелеріне қатысты болды. Азаматтардың 222 ұсынысында (36,8%) партия саясатын қолдау мен алғыссөздер де бар.

Әбілмансұр ЖАСАН