Жалған шот-фактура жасағандар
Жалған шот-фактура жасағандар
217
оқылды

Шымкентте коммер­ция­лық ұйымдарға жалған шот-фактура жасаған сегіз адам­нан тұратын ұйымдасқан қыл­мыстық топ анықталды. Жал­ған құжаттың жалпы сомасы 7,7 миллиард тең­геден асады. ҰҚТ мүше­­ле­­ріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Хабарламада ұйымдасқан қылмыстық топ қызмет көрсету, тауар тиеу және жөнелту бойын­ша іс жүзінде орын­далмаған қызметі үшін шот-фактура жа­­­­саған. Материалдық өтемақы үшін қолма-қол ақша алып отырған. «Тергеу барысында қыл­мыстық топ 2017-2020 жылдар аралығында жалпы сомасы 7,7 миллиард теңгеден асатын бюд­жетке салық төлеуден жал­тару мақ­­­­­сатында ком­мерциялық ұйым­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­дарға жалған шот-фактура жасағаны анықталды» деп атап өтті Шымкент қалалық Эконо­микалық тергеу департаменті. ҰҚТ мүшелеріне бірден бес бап бойынша қылмыстық іс тергеліп, сотқа жолданады. Оның ішінде 216-бабы 3-бөлігі «Іс жүзінде жұмыстар орын­далмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекет жасау», 262-бабы 1-бөлігі «Ұйым­дасқан топты немесе қылмыстық ұйымды құру, сол сияқты оған не­месе қылмыстық ұйымның құ­ры­лымдық бөлімшесіне бас­­­шылық ету». Бұған дейін де тура осындай оқиға болған. Түркістан облы­сының екі тұрғыны мемлекетті 7 миллиард теңгеге алдап кет­кені айтылған еді. Олар да жал­­­­ған шот-фактураларды жұ­­­­­­­­­мыс­­ты орын­дамай жазып беріп отырған. Жетісу аудандық со­тының үкі­міне сәйкес екі айып­талушы да 5,5 және 3 жыл­­ға бас бостан­дығынан айы­рылды.

Айша ЕРСҰЛТАН