8-13 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінде мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндерінен XVII халықаралық Жәутіков олимпиадасы онлайн форматта өтті.
Олимпиадаға Аустралия, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Дания, Үндістан, Индонезия, Иран, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Ресей, Румыния, Сербия, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және Украина елдерінен 146 команда құрамында мыңнан астам оқушы қатысты. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, олимпиада қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар 90 медаль жеңіп алған. Оның 13-і алтын, 37-сі күміс және 40 қола медаль. Жалпы алғанда, олимпиаданың нәтижесі бойынша 500 қатысушы жүлдегер атанды.Айбике ЖАНАСЫЛ