Бүгін бірнеше аймақта көктайғақ болып, боран соғады
Бүгін бірнеше аймақта көктайғақ болып, боран соғады
223
оқылды

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктағақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, жел күшейеді. Күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жаяу бұрқасын болады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күтіледі.