Сәбиді өлімге қиған дәрігерлер
Сәбиді өлімге қиған дәрігерлер
211
оқылды

Атырауда жаңа туған баланы алдын ала сөз байласу ар­қылы өлтірді деп айыпталған облыстық перинаталдық орталық дәрігерлеріне сот үкімі жарияланды.

Өткен жылдың мамыр айы­нан басталған  «жаңа туған нәрес­тені өлтіру» ісіне нүкте қойылды.  18 қаңтарда  облыстық перзент­хана­ның бас дәрігері мен қыл­мыс­қа қатысы бар басқа да қыз­мет­керлерге  қатысты сот үкімі шықты. Сотта Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Г. Дәулетова сот үкімін оқыды. Облыстық перинаталдық ор­та­лықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевқа 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Жазаны өтеу мерзімі 2019 жылдың 30  қыркүйегінен бастап есептеліп, жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге моральдық залал өндіруге шешім шығарды. Перинаталдық орталықтың акушер-гинекологы Асқар Қайыр­жанға 16 жыл бас бостан­дығынан айыру туралы сот үкімі шықты. Акушер Жамилә Құлбаты­р­ова­­­ны 15 жылға соттау туралы үкім та­­­­ғайындалды. Неонатолог-дәрігерлер Р.Нұр­­­мұхам­бетов пен Д.Жұма­баеваны 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.  Үкім шы­ғар­ған кезде олар қабылдаған «Гиппократ антын» бұзғанын сот айыпталушылар үшін ауырлата­тын мән-жай деп таныды. Сотталушылар тарапынан үкімге келіспеушіліктер айтылды. Судья сотталушылар мен адво­каттарға 15 күн ішінде апел­ляциялық шағым беруі керек екенін ескертіп, сот үкімін соңы­на дейін жариялады. Өткен жылы сот процесінің соңғы кезеңі – тараптардың жа­рыс­сөзімен аяқталған болатын. Сол  сот отырысында прокурор Нұржан Жангереев бес айып­талу­шыға қатысты айыптау қо­рытындысын оқыды. Прокурор  соттан облыстық перзентхананың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты  кінәлі деп танып, оған Қыл­мыс­тық кодекстің бірнеше бабының жекелеген тармақтарымен бүкіл қылмыс бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Акушер-гинеколог Асқар Қайыржан мен акушер Жамилә Құлбатырова үшін прокурор 17 жылға бас бостандығынан айыру­ды сұрады. Оларға «алдын ала сөз байласу арқылы кәмелетке толмаған баланы өлтірді» деген айып тағылды. Сондай-ақ прокурор Н.Жан­гереев перзентхананың неонато­лог-дәрігерлері Руслан Нұр­мұхам­­бетов пен Дариға Жұма­бае­ва­ны қылмыс туралы хабар­ламағаны үшін әрқайсысына 3 жылға бас бостандығын шектеуді сұраған. Tyrsin       Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы