Energypromның жазуынша, қой етінің бағасы 16,2%-ке, жылқы еті – 11,9%-ке, сиыр еті 8%-ке дейін қымбаттаған. Былтыр III тоқсанда әрбір тұрғын орта есеппен 21,3 келі ет пен ет өнімін тұтынған.
Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда бір жылда 7%-ке артқанын көрсетеді.
Етті ең көп жейтін аймақтардың көшін Қарағанды облысы бастап тұр. Қарағандыда әр тұрғын орташа есеппен 26,8 келі ет жейді. Ақмола облысының тұрғындары 25,4 келі ет тұтынған. Алматы қаласының тұрғындары 25,2 келі ет жеген.
Етті көп жейтін тұрғындар саны жөнінен де Қарағанды облысы бірінші орында. Шамамен 3,3 келі жейді. Нұр-Сұлтанда – 2,7 келі, Жамбыл облысында – 2,3 келі.