Бүгін ауа райы қандай болады?
Бүгін ауа райы қандай болады?
5,164
оқылды

Кей жерлерде ауа райы күрт құбылып, тұман, жаяу бұрқасын, боран болады. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста, орталық пен шығыста көктайғақ болуы ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ, 23-28 м/с дейінгі жел күтіледі. Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады, жел 15-20 м/с артады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады, 15-20 м/с екпінде жел тұрады. Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Желдің күші Түркістан облысында 15-20 м/с, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с артады. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман, күндіз Маңғыстау облысында көктайғақ болады.