Зерттеу нәтижесінде, пандемия салдарынан жұмыссыз қалған миллиондаған америкалық күнделікті тойып тамақ ішпейді, – деп жазады 24.kz.
Жекеменшік баспанасы жоқ олар үй жалдап тұрады. Мыңдаған долларға жететін пәтерақыны төлеу үшін, көліктерін сатуға мәжбүр.
Түгі жоқ тақыр кедейлер далада қаңғып қалған. Нью-Мексико штатының Жұмысқа орналастыру департаментінің өкілі Билл Маккинлидің айтуынша, мекемеге күн сайын ашқұрсақ балаларына тамақ сұраған отбасылардан аянышты хаттар көп келеді.
Экономистер коронавирустың салдарынан дағдарыс ең жоғары шегіне жеткенін айтып отыр.